Сіз Көлсай көлі, Қайыңды көлі, Шарын шатқалы (Қамалдар алқабы), Қара шатқал, Ай шатқалы және Шарын өзені сияқты ғажайып жерлерді аралайсыз. Сізді таңғажайып пейзаждар, ерекше табиғи көріністер, сондай-ақ таза ауамен тыныстап, табиғат сұлулығынан ләззат алу мүмкіндігі күтеді.
Тур құны:
Базалық пакет 31 100 тг
Жергілікті тұрғындардың қонақ үйлерінде орналасу
Бір бөлмеде 3−6 адам орналасады
Әжетхана сыртта орналасқан
Стандарт пакеті 35 700 тг
Жергілікті тұрғындардың қонақ үйлерінде орналасу
Бір бөлмеде 3−5 адам орналасады
Душ пен әжетхана үйдің ішінде (бір үйде бір душ пен әжетхана)
2 орындық орналасу 2000 тг қосымша төлеммен
Екі орындық бөлмелер саны шектеулі, менеджерден нақтылау қажет
Жайлы (Комфорт) пакет 51 800 тг
Жергілікті тұрғындардың қонақ үйлерінде орналасу
Бір бөлмеде 2−3 адам орналасады
Душ пен әжетхана әр бөлмеде бар
(Бұл пакетте орындар саны шектеулі, менеджерден бос орындардың бар-жоғын алдын ала білу қажет)
Тур құнына кіреді:
• Жайлы автобус
• Тұратын жері
• Тамақтану
• Сатыдан Қайыңды автотұрағына дейін УАЗ көлігімен жол жүру
• Экологиялық алымдар
• Гид қызметі
• Кешкі бағдарлама
⚠️ Өзіңізбен бірге не алу қажет?
Жеке куәлік немесе төлқұжат (міндетті түрде), жеңіл тамақ, ыңғайлы аяқ киім, ыңғайлы киім, жылы киім, қолма-қол ақша (қосымша шығындар үшін: атпен серуендеу, қайықпен жүзу және жолдағы тамақтану).
⚠️ Үлкен чемодандарды алмауыңызды өтінеміз. Тек ең қажетті заттарды кішігірім сөмкеге немесе рюкзакқа салып алыңыздар. Түсіністік танытқаныңызға рақмет!
І күн
20:00 — Жиналу
20:30 — Жолға шығу
ІІ күн
01:30 — Ауылға жету
02:00 — Жергілікті тұрғындардың қонақ үйлеріне орналасу
8:00 — Ояну (тұру)
8:30 — Таңғы ас
9:00 — Қайыңдыға жол жүру
9:30 — Қайыңды көліне жету, экскурсия
12:30 — Ауылға қайту
13:00 — 14:00 Түскі ас
14:30 — Көлсайға жол жүру
15:00 — Көлсайға жету, экскурсия, бос уақыт
19:00 — Жиналу және ауылға қайту
19:30 — Кешкі ас, демалыс (қонақ үйлерде)
21:30 — Кешкі бағдарлама
ІІІ күн
8:00 — Ояну (тұру)
8:30 — Таңғы ас
09:00 — Қара шатқалға жол жүру
10:30 — Қара шатқалға жету
10:50 — Ай шатқалына жол жүру
11:05 — Ай шатқалына жету
11:50 — Шарын шатқалына жету, Қамалдар алқабы бойынша экскурсия
15:30 — Қалаға жол жүру
19:00 — Алматы қаласына жету