Keruen Express-пен бірге ШЫҒЫСТЫҢ 3 ЖҰМБАҚ ЖҰМБҰЗЫ (3 ЖЕМЧУЖИНАСЫ)
Бәрі де бары-жоғы 6 күннің ішінде! Кәсіби гидтермен бірге үш аңызға айналған қаланың сырын ашып, өмір бойы естен кетпес әсер алып қайтасыз!
Түркістан
Сырдария өзенінің жағасында орналасқан тарихи қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы. ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген XIV ғасырдағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен әйгілі.
Самарқанд
Ұлы Жібек жолындағы әлемдегі ең көне қалалардың бірі. XIV ғасырда Әмір Темір империясының астанасы болып, Регистан мен Гүр-Әмір кесенесі сияқты сәулет өнерінің ғажайып жауһарларын бүгінге дейін сақтап отыр.
Ташкент
Өзбекстанның астанасы және Орталық Азиядағы 3 миллионнан астам халқы бар ең үлкен қала. Б.з.д. III ғасырда негізі қаланған, маңызды көлік әрі мәдени орталық.
ТУРИСТІК ПАКЕТКЕ КІРЕДІ:
• Жайлы туристік пойыздың су жаңа вагондарымен жол жүру;
• 4 орындық купедегі барлық жағдайлар, соның ішінде төсек-орын және саяхатқа арналған керек-жарақтар (бір реттік тәпочкалар, тіс щеткасы, шай жиынтығы т.б.);
• Тур бойындағы толыққанды таңғы және түскі астар, ауызсу;
• Самарқанд қаласындағы қонақүйде таңғы асымен орналасу (3/4* қонақүйі)*;
• Кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен өтетін экскурсиялар;
• Турдағы барлық нысандарға кіру билеттері;
• KERUEN EXPRESS маңдайшасы бар жайлы автобустардағы трансферлер.
1-күн
16:20 Саяхаттың басталуы – Алматыдан («Алматы-2» теміржол вокзалынан) Түркістанға жолға шығу. Түн пойызда.
2-күн
06:30 Вагон-ресторандағы таңғы ас.
Оңтүстік Қазақстанның тарихи әрі рухани орталығы — Түркістан қаласына жету.
09:00 Түркістандағы экскурсиялық бағдарлама:
• Ұлы Жібек жолындағы ең маңызды қалалардың бірі — көне Отырар қалашығының орнына және Арыстан баб кесенесіне экскурсия;
• Түркістан ресторанындағы түскі ас;
• ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген сәулет өнерінің сәулетті ескерткіші — Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне бару;
• Хілвет жер асты мешіті;
• Шығыс моншасы.
17:30 «Altyn Samuryq» ұшатын театры (билеттер бөлек төленеді). Бос уақыт.
20:30 Трансфер: пойызға қайта оралу.
22:45 Түркістаннан Самарқандқа жолға шығу. (Уақыты шамамен көрсетілген). Түн пойызда.
3-күн
07:00 Өзбекстанда орналасқан, әлемдегі ең көне әрі әйгілі қалалардың бірі — Самарқанд қаласына жету.
07:30 Самарқанд ресторанындағы таңғы ас.
09:00 Самарқандтағы экскурсиялық бағдарлама:
• Самарқандтың сәулет жауһары — Гүр-Әмір кешеніне немесе Әмір Темір кесенесіне бару;
• Зәулім Шердор, Тилля-Қори және Ұлықбек медреселері орналасқан Регистан алаңы бойынша экскурсия;
• Самарқанд ресторанындағы түскі ас.
15:00 Экскурсияның жалғасы:
• Хазрет Хызр мешітіне бару және еңселі Бибі-Ханым кешенін тамашалау;
• Орталық Азиядағы ең үлкен Сиаб базарын аралау;
• Самарқанд қонақүйіне орналасу (4*);
• Бос уақыт.
4-күн
07:00–10:00 Самарқанд қонақүйіндегі таңғы ас.
11:00 Қонақүйден шығу (выселение).
11:30 Самарқандтағы экскурсиялық бағдарлама:
• XIV–XV ғасырлардағы кесенелердің бірегей кешені — Шахи-Зинда ансамбліне бару;
• Самарқанд ресторанындағы түскі ас.
15:00 Экскурсияның жалғасы:
• «Қонигиль» қағаз фабрикасына экскурсия — Самарқандтың тұт қағазын қолдан жасаудың көне технологиясымен танысу;
• «Мәңгілік қала» (Вечный город) туристик кешенін аралау.
19:30 Бос уақыт.
21:00 Трансфер: пойызға қайта оралу.
23:00 Самарқандтан Ташкентке жолға шығу.
5-күн
06:00 Көне сәулет өнері мен заманауи инфрақұрылымды ұштастырған Өзбекстанның мәдени әрі экономикалық орталығы — Ташкент қаласына жету.
07:00–07:30 Ташкент ресторанындағы таңғы ас.
09:00 Ташкенттегі экскурсиялық бағдарлама:
• Мустакиллик (Тәуелсіздік) алаңында серуендеу — Ташкенттің басты алаңы және Өзбекстан тәуелсіздігінің символы;
• Қазақ биі әрі данасы Төле биге арналған XIV–XV ғасырлардың бірегей ескерткіші — Төле би кесенесіне экскурсия;
• Новруз саябағына бару — жасыл желек пен фонтандар арасында серуендеуге әрі демалуға арналған жайлы орын;
• Ташкент ресторанындағы түскі ас;
• Тағамдар, дәмдеуіштер, текстиль және қолөнер бұйымдарын сатып алуға болатын, өзінің жарқын атмосферасымен әрі сәулетімен танымал Чорсу базарына бару;
• Азиядағы ең үлкен барлық мезгілге арналған Magic City ойын-сауық паркін аралау.
21:00 Трансфер: пойызға қайта оралу.
23:43 Ташкенттен Алматыға жолға шығу.
6-күн
07:00–10:00 Вагон-ресторандағы таңғы ас.
13:00–14:00 Вагон-ресторандағы түскі ас.
20:00 Алматыға жету («Алматы-2» теміржол вокзалы).
KERUEN EXPRESS туристік бағдарламасының аяқталуы.
Уақыты шамамен көрсетілген.